Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов министрлердің чатында не талқыланатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министр Tengrinews.kz редакциясына сұхбат берген болатын.
"Иә, министрлер отыратын чат бар. Ол жерде ақпарат алмасамыз. Жедел жоспардың барлық шұғыл жоспарлары жедел шешіліп отырады. Премьер-министр де отырады. Бірақ көбіне министрлер белсенді отырады. Премьер-министрдің өзімен байланысқа шығу арқылы жұмыс істейміз", - дейді Сырым Шәріпханов.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық өртсөндірушілер ТЖ министрінің көзінше жалақысы қанша екенін айтқан болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!