Қазақстандық өртсөндірушілер ТЖ министрінің көзінше жалақысы қанша екенін айтты

Қазақстандық өртсөндірушілер Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың көзінше жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр Tengrinews.kz редакциясына сұхбат берген болатын. 

"Жалақыларыңыз қанша? Түсінемін, министр тұр, ыңғайсыз шығар, бірақ жалақыларыңыз қанша екенін айта аласыздар ма?", - деп сұрады журналист. 

"315 мың"

"Менде 10 жыл тәжірибем бар, 320 мың аламын" 

"256 мың, 2,5 жылдан бері жұмыс істеймін", - дейді өртсөндірушілер. 

Министр Шәріпханов өртсөндірушілердің жалақысы еңбек өтілі мен қызметіне байланысты екенін атап өтті. 

"Қатардағы өртсөндіруші шамамен 200 мың, бөлім командирі жоғары алады", - дейді министр Сырым Шәріпханов. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина