- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Премьер-министр ArcelorMittal басшылығынан...
Премьер-министр ArcelorMittal басшылығынан түбегейлі шара қабылдауды талап етті
Премьер-министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының басшылығымен кездесіп, түбегейлі шара қабылдауды талап етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
28 қарашада Премьер-министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездесті.
Әлихан Смайылов кәсіпорын басшылығының назарын жұмыскерлердің өлімі мен жарақаттануына әкеп жатқан өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы елеулі кемшіліктерге аударды. Сондай-ақ, комбинаттың экологияға келтіретін зардабы туралы және өндірісті жаңғыртуға бағытталатын инвестициялар көлемінің жеткіліксіз екенін айтты.
Премьер-министр жағдайды түзету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті.
Өз кезегінде Виджай Гоял "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмысшыларының өліміне әкелген жуырдағы төтенше жағдайға байланысты өкінішін білдірді. Ол жағдайды жеке өзі қарастырып, түйткілді мәселелерді шешу мақсатында қосымша шаралар пакетін әзірлеу үшін Қазақстанға арнайы келгенін айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр компания міндеттемелерінің орындаулы Үкіметтің ерекше бақылауында болатынын айтты.
Еске салайық, 3 қарашада Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде газ шықты. Салдарынан 5 жұмысшы қаза тапты. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. Ал 6 қарашада "АрселорМиттал Теміртау" кенішінде тағы бір жұмысшының денесі табылғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек