"АрселорМиттал Теміртау" кенішінде жұмысшының денесі табылды

"АрселорМиттал Теміртау" кенішінде жұмысшының денесі табылды

"АрселорМиттал Теміртау" кенішінде жұмысшының денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 6 қарашада "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Казахстанская" шахтасының аумағында Көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істеген қызметкердің мәйіті табылды. Оқиға кезінде қызметкер кезекшілікте болмаған", - делінген хабарламада.

Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Еске салайық, 3 қарашада Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде газ шықты. Салдарынан 5 жұмысшы қаза тапты. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек