- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция үйін су...
Полиция үйін су басқан төрт отбасын аман-есен алып шықты
Полиция үйін су басқан төрт отбасын аман-есен алып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құлсары қаласының Автожолаушылар ықшамауданындағы 400 жуық үйді су басты. Қазіргі уақытта Полиция департаменті мен Жылыой аудандық полиция бөлімінің теңіз патрульдік полициясы үйінде қалып қойған төрт отбасыны және бір азаматты мал-жанымен бірге құтқарып үлгерді.
Ал басқа үйлердің тұрғындары су кіре бастаған кезде қауіпсіз жерге шығарылған. Жұмыстар тәулік бойы жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Құлсарыда ахуал күрделі екені, 15 мың адам эвакуацияланғаны хабарланған болатын.
Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев арнайы штаб өкілдерімен Құлсары қаласын әуеден бақылауда. Апат аймағынан кешелі бері 15 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.
Жем өзенінен тасыған су елдімекендерді басып жатыр. Соңғы дерек бойынша 2500- дей тұрғын-үйді, әкімдік ғимаратын, инфрақұрылымдық нысандар мен орталық стадион суда қалды. Күні-түні тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүруде.
Тасқынға қарсы көмекке Құлсарыға облыс орталығынан 30 полицей мен Ұлттық ұланның 80 сарбазы келді. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданынан келген әскерилер де бұл жұмыстарға қолғабыс етіп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина