- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция "Ирина Кайратовна"...
Полиция "Ирина Кайратовна" тобының концертінде болған қайғылы жағдайға қатысты түсінік берді
Полиция "Ирина Кайратовна" тобының концертінде болған қайғылы жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"14 қазанда концертте 21 жастағы мобилограф есін жоғалтып, сахнада құлап түсті. Жедел жәрдем келген кезде, өкінішке қарай, ол қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Осы арада әкімшілік пен көрермен түсіністік танытып, концерт тоқтатылды", - деп хабарлады полиция.
Еске салайық, бұған дейін "Ирина Кайратовна" тобының Астанадағы концертінде мобилограф қайтыс болғанын хабарлаған едік. Куәгерлердің сөзінше, жігіт кенеттен сахнада құлаған.
Кейінірек топ мүшелері сахнаға шығып, қаралы жағдайды хабарлап, халықтан кешірім сұраған.
"Сіздерді күттіргенімізге кешірім сұраймыз, бірақ бәрі бекерден бекер емес. Айтудың өзі ауыр. Жаңа ғана мобилограф сахнада құлап қалды, көрген боларсыздар. Ол қайтыс болды. Сондықтан қазір алдарыңызда өнер көрсете алмаймыз", - деді топ мүшелерінің бірі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан