"Ирина Кайратовна" тобының Астанадағы концертінде мобилограф қайтыс болды

"Ирина Кайратовна" тобының Астанадағы концертінде мобилограф қайтыс болды
Фото: видеодан алынған кадр

"Ирина Кайратовна" тобының Астанадағы концертінде мобилограф қайтыс болды. Куәгерлердің сөзінше, жігіт сахнада тұрған кезінде кенет құлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кейінірек топ мүшелері сахнаға шығып, қаралы жағдайды хабарлап, халықтан кешірім сұраған.

"Сіздерді күттіргенімізге кешірім сұраймыз. Бірақ бәрі бекерден бекер емес. Бізге қатты ауыр. Айтудың өзі ауыр. Жаңа ғана мобилограф сахнада құлап қалды, көрген боларсыздар. Ол көз жұмды. Сондықтан қазір сіздердің алдарыңызда өнер көрсете алмаймыз", - дейді топ мүшелерінің бірі.

Massaget.kz редакциясы шын жүректен көңіл айтады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова