Қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев адам зорлаған полиция басшысының ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Facebook-парақшасында бөлісті.
"Зорланған қыздың қорғаушысының айтуынша, таңғы сағат 8-де учаскелік инспектор қызды тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік іс бойынша жауап алуға ПБ ғимаратына апарған, сол кезде полиция басшысы қызды байқап, оны өз кабинетіне шақырған. Кеңсесінде ол қызды әкімшілік жауапкершілікке тартылмауы үшін интим қатынасқа түсуге шақырған, қыз бас тартқан, кейін ол қызды зорлаған...
Сірә, форма киген бұл сорақының қорғаушылары ол тек жезөкшенің құрбаны болды дегенді ұстанатын шығар", - деп жазған ол.
Еске салайық, бұған дейін Талдықорғанның қалалық полиция басқармасының басшысы зорлау дерегі бойынша күдікті деп танылғаны хабарланған еді.
Бұл ақпаратты Жетісу облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Қалалық полиция басқармасының басшысы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Істің мән-жайы қажет қажетт сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде анықталады", - дейді Жетісу облысы Полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!