Талдықорғанның қалалық полиция басқармасының басшысы әйел зорлады деген күдікке ілінді

Талдықорғанның қалалық полиция басқармасының басшысы әйел зорлады деген күдікке ілінді
Фото: primeminister.kz

Талдықорғанның қалалық полиция басқармасының басшысы зорлау дерегі бойынша күдікті деп танылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.  

Бұл ақпаратты Жетісу облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 

"Қалалық полиция басқармасының басшысы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Істің мән-жайы қажет қажетт сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде анықталады", - дейді Жетісу облысы Полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанов. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@zhetysu.police)

Қылмыстық істі тергеу ҚР ІІМ-нің ерекше бақылауына алынды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина