- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Плацкартта домбырамды арқалап...
"Плацкартта домбырамды арқалап жүрген қыз едім". Айнұр Тұрсынбаева өткен күндерін еске алды
Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram-парақшасында өткен күндерін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кеше ғана плацкартта домбырамды арқалап жүрген қарапайым қыз едім... Үкіметтен қандай көмек болады деп үміттеніп жүрген... Қорқыныш... Сенімсіздік... Ақшаның жетіспеуі", - деді ол Желіде.
Instagram-парақшасынан
Айта кетейік, мамырда Айнұр Тұрсынбаеваның ұлы Беклан келін түсіріп, бұл қуанышты жаңалықты әртістің өзі Желідегі парақшасында жазған еді.
Еске салайық, бұған дейін айтыскер ақын ұлының тойын Түркияда дүркіретіп өткізгені хабарланған болатын. Желідегі сурет-видеоларға сүйенсек, той Түркиядағы JW Marriott Hotel Istanbul Marmara Sea қонақүйінде өткен. Сондай-ақ, Айнұр Тұрсынбаева белгілі әншіге тойдан ерекше сый жасаған еді.
Сонымен қатар, Айнұр Тұрсынбаева ұлының тойын яхтада жалғастырған еді. Мейрамбек Бесбаев Түркияда тойлатқан Айнұр Тұрсынбаеваға араша түскен болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова