- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Петропавл әкімдігі Юрий...
Петропавл әкімдігі Юрий Шатуновтың құрметіне арналған флешмобқа тыйым салды
Петропавл әкімдігі әнші Юрий Шатуновтың құрметіне флешмоб ұйымдастыруға тыйым салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Петропавл әкімдігінің баспасөз қызметі Интернациональная мен Бөкетова көшелерінің арасында "Ласковый май" тобының бұрынғы солисін еске алуға арналған шара өтпейтінін жариялады.
"Іс-шара келісілмеген және рұқсат етілмеген, сондықтан өткізілмейді", - деді ведомство өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Ласковый май" тобының бұрынғы солисті 23 маусымда қайтыс болды, әртіс 48 жаста еді. Музыкантты құтқармақ болған Домодедово ауруханасының бас дәрігерінің айтуынша, Юрий Шатунов клиникалық өлім жағдайында дәрігерлерге жеткізілген. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ Юрий Шатуновты аман алып қала алмады.
Еске салайық, 23 маусымда Шатуновтың директоры Аркадий Кудряшов әнші инфаркттан қайтыс болғанын хабарлаған еді.
Е. Төлеш