Әнші Юрий Шатунов қайтыс болды

Әнші Юрий Шатунов қайтыс болды
Фото: yuriy_shatunov

Әнші Юрий Шатунов қайтыс болды, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

БАҚ мәліметінше, әншінің менеджері өлімнің себебі инфаркт болғанын айтқан. Ресейлік басылымдар 48 жастағы әншінің директоры Аркадий Кудряшовтың сөзіне сүйеніп, оның инфаркттан қайтыс болғанын жазып жатыр.

"Бүгін түнде жедел жәрдем көлігінде Юрийдің жүрегі тоқтап қалды", - деді Аркадий Кудряшов.

Айта кетейік, Юрий Шатунов 1973 жылы 6 қыркүйекте дүниеге келген. Ол 48 жаста еді. Юрий Шатунов - кеңестік және ресейлік танымал әнші. "Ласковый май" тобының солисі болған. Оның "Искусственное дыхание", "Вспомни май", "Седая ночь" секілді танымал альбомдары бар.

Ж. Қадыржанова