Павлодарлық әйел сұлулық салонында күйік алған

Павлодарлық әйел сұлулық салонында күйік алған
Фото: depositphotos.com

Павлодарлық әйел сұлулық салонында күйік алған. Ол осыдан кейін медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қала тұрғыны облыс орталығындағы сұлулық студияларының бірінен лазерлік косметология пакетін сатып алып, оған 132 мың теңге төлеген. Алайда қызмет көрсету кезінде оның терісі зақымданып, термиялық күйік алған. Бұл жағдай кейін медицина құжаттарымен расталған.

Оның айтуынша, салонға алғаш барған кезде студияның қызметкері емес, басқа әйел қызмет көрсеткен. Осыдан кейін тұрғын салон әкімшілігіне соталды талап-арыз жолдап, келісімшартты бұзуды, 127 мың теңгені қайтаруды және денсаулығына келген зиянды өтеуді талап еткен.

"Салон келісімшартты бұзу туралы талапты бас тартты. Біздің мамандар құқықтық көмек көрсетіп, дауды реттеуге жәрдемдесті", - деді облыстық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті өкілдері.

Нәтижесінде екі тарап өзара келісімге келіп, клиентке 127 мың теңге қайтарылған.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте әйел пластикалық отадан кейін бір көзінен айырылғаны хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget