Шымкентте пластикалық хирургия бойынша қызмет көрсеткен адамға сот үкімі шықты. Оның сертификаты және тиісті лицензиясы болмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент прокуратурасы мәліметінше, ер адам науқасқа заңсыз блефаропластика отасын жасаған. Соның салдарынан әйелдің бір көзі көрмей қалған.
Сот ер адамды ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды.
Оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот оған үш жыл бойы медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысуға тыйым салды.
Блефаропластика - қабаққа жасалатын пластикалық ота. Ота эстетикалық мақсатта да, медициналық көрсеткіштер бойынша да жасалады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова