Павлодар облысында жер сілкінісі болды

Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметі бойынша жер сілкінісінің магнитудасы 4,5 болған, ал эпицентрі Екібастұздан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан.

ТЖМ дерегіне сүйенсек, жер сілкінісі 26 мамырда Астана уақытымен сағат 11:28-де тіркелген. 

"Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 шақырым қашықта, Павлодар облысы аумағында орналасқан. Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында 2 балл болып сезілді", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдан 300 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелгені хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!