Жұрттың жағасын ұстатқан Ерзат Егінбайдың жұмбақ өлімі қоғамда қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол 19 мамырда Алматыда із-түссіз жоғалып, төрт күннен кейін сүйегі судан табылған еді. Қазір бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Оқиға төңірегінде түрлі болжам мен алып-қашпа әңгіме көп.
Марқұмның әкесі Шалқар Егінбайұлы Massaget.kz-ке сұхбат берді.
"Өз-өзін өлтіруге баратын жігіт емес. Өз-өзін өлтірген адам кез келген жерде асылып қала салады. Ең жеңіл тәсілі сол ғой. Анау Космосқа (ауыл - еск.) бару. Суды, көлді іздеп бару. Өлсе де, жерде жатып, бүктеліп қалуы керек қой. Ол былай жатыр (қимылмен көрсетіп - еск.). Інім көрген. "Ісініп кеткен" деді. "Сараптама қорытындысы бір айдан кейін шығады" деді", - дейді марқұмның әкесі.
Оның сөзінше, марқұмның артында жүкті әйелі қалған.
Бұған дейін Алматыда полиция қызметкерлері мен еріктілер Жетісу ауданында жұмыс күнінің ортасында із-түссіз жоғалып кеткен 25 жастағы жігітті іздестіріп жатқаны хабарланды.
19 мамырда сағат 14:00 шамасында Ерзат Шалқарұлы Райымбек даңғылы бойындағы жұмысынан дүкенге барамын деп шығып кеткен. Жігіттің ұялы телефоны соңғы рет Алматы облысы аумағында қосылған.
Жоғалған жігіттің ағасының айтуынша, Ерзат бұған дейін үйінен ескертусіз кетіп көрмеген, медициналық есепте тұрмайды, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Арада төрт күн өткенде оның өлі табылғаны белгілі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова