Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалып кетіп, кейін облыс аумағынан өлі табылған Ерзат Егінбайдың жақындары әділдікті талап етіп, әлеуметтік желіде үн қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Бұған дейін Алматыда полиция қызметкерлері мен еріктілер Жетісу ауданында жұмыс күнінің ортасында із-түссіз жоғалып кеткен 25 жастағы жігітті іздестіріп жатқаны хабарланды.
19 мамырда сағат 14:00 шамасында Ерзат Шалқарұлы Райымбек даңғылы бойындағы жұмысынан дүкенге барамын деп шығып кеткен. Жігіттің ұялы телефоны соңғы рет Алматы облысы аумағында қосылған.
Жоғалған жігіттің ағасының айтуынша, Ерзат бұған дейін үйінен ескертусіз кетіп көрмеген, медициналық есепте тұрмайды, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Арада төрт күн өткенде оның өлі табылғаны белгілі болды.
Марқұмның жақындарының үндеуі
Марқұмның жеңгесінің сөзінше, оның сүйегі Космос ауылы маңындағы көлшіктен табылған.
"Алдын ала мәлімет бойынша ол қатігездікпен өлтіріліп, кейін суға тасталған. Марқұмды сол маңдағы балықшылар байқап, хабар берді. Кінәлі адамдардың барлығы заң алдында толық жауап беріп, әділ жаза алуын талап етеміз!" - деп жазды ол.
instagram.com/_zhurgenovaa1
Әзірге полиция бұл жайтқа қатысты пікір білдірмеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова