- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ойым өзгерді". Дариға...
"Ойым өзгерді". Дариға Бадықова отбасында ақшаны кім ұстайтыны туралы айтты
Белгілі актриса Дариға Бадықова отбасылық бюджеті және арманы туралы "Динамен дұрыс" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актрисаның айтуынша, отбасылық бюджетті күйеуі екеуі бірге жинақтаған.
"Бізде отбасылық бюджет ортақ болған еді. Бірақ кейінгі кезде ойым өзгерді. Әркімнің өз ақшасы өзінде болуы керек. Бұдан отбасының қадірі кетпейді. Егер отбасылық жиһаз алатын болса, қосасың", - деді өнер иесі.
Актриса болашақта төрт бөлмелі пәтердің ішінен театр ашқысы келетінін айтты.
"Төрт бөлмелі пәтердің ішінде театр ашу - арманым. Мұндай Еуропада жақсы дамыған. Сондай театрлардың болғанын қалаймын. Яғни, әр бөлмедегі қойылымдарға көрермен кейіпкер болып, актерлардың артынан жүре береді. Еуропада үш бөлмелі пәтерде Мария Нойман қойған осындай спектакль көргенмін. Сол қойылымнан кейін есімді жия алмай қалдым. Әлі көз алдымда", - деді Дариға Бадықова.
Еске салайық, бұған дейін Дариға Бадықова өзін сынайтындарға жауап бергені туралы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жұмыстан не үшін шығарып жіберуі мүмкін?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы