"Менің көзімді құртып не істейін дедіңдер?" Дариға Бадықова өзін сынайтындарға жауап берді

"Менің көзімді құртып не істейін дедіңдер?" Дариға Бадықова өзін сынайтындарға жауап берді
Фото: Instagram/dariga_badykova

Танымал актриса Дариға Бадықова өзін сынайтындарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Менің көзімді құртып не істейін дедіңдер? Жалпы, TikTok-қа көп кірмеймін, кеше кіріп қарасам, былықтың ішінен өзім жайында пікірлер оқыдым. "Осыдан басқа актриса жоқ па? Немене осы ғана? Барлық фильмде осы жүреді екен, тағы ойнай ма?" деген пікірлер оқыдым. Мен жыл сайын түсіріліп жатқан жаңа фильмдерге түсіп жатқан жоқпын ғой. Жай оң жамбасыма келген образдармен көзге түсіп жатырмын-ау. Тек жақсы фильм сериалдарға түсем десем. Қолымнан келгенше таңдап түсіп жатырмын. Веб-сериалдарға келісім беріп жатқан жоқпын", - деп жазған актриса.

Ол өзі түскен сериалдарды санамалап жазған. Неге фильмдерге көп түсетініне жауап берді.

"Одан кейін түскен фильмдер, сериалдар жалғасын тауып кетеді. Мысалы, "Неге көп түсе бересің?" дейсіздер. "Қазақша бизнес" 5 бөлімнен тұрады. "Гуд бай мой бай" 2 бөлімнен тұрды. "Келінжан сериалы" 4 бөлімнен тұрды және "Келінжан" фильмі бар. "Күйеу бала" сериалы 2 бөлімнен тұрды. Маусым болып түсіріліп жатқан соң көп сияқты шығар. Тағы айта кететін нәрсе, "тек келіннің образын ойнайды екенсің" дейсіздер, айналайындар, Айсарадан басқа қандай келінді ойнадым айтыңдаршы? Әйтпесе, маған жаңа образ дайындап жазып жатқан сценарийстер жоқ. Көзге түсетіндей денем бар, күлкім бар, есте сақталатын образдар бар. Бастысы, осы-ақ дегенді айтпаңдаршы! Бадықова көп емес қой, құрсын. Мені құртып неғылайын дедіңдер. Қандай зияным тиіп жатыр? Көздеріңізге сонша күйік болмаған шығармын. Ойбай, жақсылық тілейік! Біреуге жаман нәрсе айтуға болмайды", - дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дариға Бадыкова (@dariga_badykova)

Желі қолданушылары актрисаға түрлі пікір қалдырған. 

"Сіздің арқаңызда түскен фильмдеріңіз хит болып кетеді ғой", "Дариға, үйде отырып айтатын кісі көп қой, рөліңді нақышына келтіріп ойнағаныңнан көрерменнің көзайымы болдың. Өзіңді немерем көрсе де "Апа, Айсараны қара" деп мәз болады", "Дариға ойнаған соң көремін сериалдарды. "Келінжанды" да, "Қазақша бизнесті де" де алып шығатын көбіне осы Дариға", "Қызым-ау, жұрттың сөзін неғыласын көңіліңе алма, қолдарынан келсе әртіс болып алсын, әртіс әнші деген өнер адамдары нәзік жанды адамдар ғой, мен сендерді қатты құрметтеймін, сен ойнаған барлық киноны көрдім", - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек