Астана-Көкшетау тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. 39 жастағы ер адам өртеніп жатқан көліктен жүргізуші мен жолаушыны шығарып, құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 24 маусымда сағат 17:00 шамасында ПБ кезекші бөліміне Щучинск бағытындағы Астана-Щучинск автожолында екі автокөліктің соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Тәртіп сақшылары жол апаты Астана-Петропавл автожолының 102 шақырымында болғанын анықтады.
39 жастағы Exceed TXT автокөлігінің жүргізушісі Көкшетау қаласы бағытында жүріп келе жатып, қашықтықты сақтамай, ілеспе бағытта келе жатқан Daewoo Nexia автокөлікпен соқтығысқаны анықталды.
Нәтижесінде Daewoo Nexia автокөлігі өртеніп, 39 жастағы ер адам жүргізуші мен жолаушыға өртенген көліктен шығуға көмектескен. Жол апаты салдарынан 24 жастағы жүргізуші мен 32 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды. Тексеруден кейін жолаушы үйге жіберілді. Ал жүргізуші жансақтау бөлімінде.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша соталды іс жүргізу басталды.
Еске салайық, бұған дейін Астана-Көкшетау тасжолында белгісіз ер адам өртеніп жатқан көлік ішінен адамды алып шыққанын хабарлаған едік. Бұл видео әлеуметтік желіде тарап кетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!