Астана-Көкшетау тасжолында белгісіз ер адам өртеніп жатқан көлік ішінен адамды алып шықты

Астана-Көкшетау тасжолында белгісіз ер адам өртеніп жатқан көлік ішінен адамды алып шықты
Фото: © instagram/100baksoff

Астана-Көкшетау тасжолында белгісіз ер адам өртеніп жатқан көліктен ер адамды ерлікпен шығарып алып, құтқарып қалды. Видеоны Instagram-да 100baksoff жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видео авторы оқиғаның 24 маусымда күндіз Ақкөл ауылының маңында болғанын айтады. Кадрларда ер адам өртеніп жатқан көліктің терезесіне беліне дейін кіріп, жәбірленушіні алып шыққаны көрсетілген.

Пайдаланушылар ер адамның әрекетіне тамсанып, оны нағыз қаһарман деп атады:

"Батырлар арамызда жүр! Қандай батыл, қайсар адам!"

"Нағыз батыр".

"Керемет, аға, өмірін қатерге тігіп, құрметке ие болды".

"Ер жүрек екен, халық хаһарманын алу керек".

"Міне, нағыз батыр, халтың перзенті".

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан