Орманда көзге көріне бермейтін жыртқыш камераға түсті

Орманда көзге көріне бермейтін жыртқыш камераға түсті

Орманда аса көп көзге көріне бермейтін жануарлардың бірі – сілеусін. Оны табиғатта кездестіру – нағыз сирек сәт, деп хабарлайды Massaget.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті сілеусіннің камераға түскен видеосын жариялады. 

Сақ, епті әрі өте құпия тіршілік ететін сілеусін – орман әлемінің ең жұмбақ жыртқыштарының бірі. Қалың орман арасында дыбыссыз қозғалатын бұл жыртқыш адам көзіне көп түсе бермейді. Оның өткір сезім мүшелері, мықты аяқтары мен айналасына үйлесетін реңі табиғатта байқалмай жүруіне мүмкіндік береді. Осындай ерекше сәттер бізге жабайы табиғаттың көзден таса тіршілігін жақынырақ тануға жол ашады, - деп жазды. 

Айта кетейік, Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің Қарабұлақ орманшылығына қарасты Қайыңды шатқалында ақкіс видеоға түсіп қалған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай
Logotype Massaget