Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің Қарабұлақ орманшылығына қарасты Қайыңды шатқалында ақкіс видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Massaget.kz.
Дене тұрқы шағын, жылдам қимылдайтын жыртқышты мемлекеттік инспекторлардың бірі камераға түсіріп алған.
Ақкіс (Mustela erminea) – сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш. Кішкентай болғанымен, қимылы шапшаң, өзі өте сақ болады. Негізінен ұсақ кеміргіштермен қоректеніп, табиғаттағы тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.
Ақкіс жыл мезгіліне қарай түлейді. Жазда жүні қоңырқай болса, қыста аппақ түске енеді. Бұл оған қар арасында көзге түспей, жауларынан жасырынуға және жемтігіне байқатпай жақындауға көмектеседі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай