- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда оқушылар 13...
Оралда оқушылар 13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді: жаңа дерек айтылды
Оралда 9-10 сынып оқушылары 13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті өкілдері бұл оқиғаға қатысты жаңа дерек айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
6-сыныпта оқитын қызының үйге келмегеніне алаңдаған анасы полицияға хабарласқан. Жоғалған қыз бір күннен кейін жалдамалы пәтерден табылған. Қыздың айтуынша, оған осы үйде зәбір көрсеткен. Күдіктілер бірден қамауға алынды. Полиция бұған қатысты қылмыстық іс қозғады.
"Қыз жасөспірімдердің біреуін ғана танитынын айтты, соның сөзіне еріп пәтерге барған. Сол кезде ішімдікке масайған жігіттер оны зорлаған. Жәбірленушінің ішімдік ішпегенін анықтадық. Күдіктілер бұған дейін ұрлық пен тонау секілді қылмыс жасағаны үшін істі болған. Біреуі тіпті үш рет сотталған. Оларға айыпталған бап бойынша 20 жылға соттау жазасы қарастырылған", - деді қалалық полиция басқармасы бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары Виктор Котельников.
Еске салайық, бұған дейін Оралда оқушылар 13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінгенін хабарлаған едік.
Қылмыс жасады деген күдікке ілінген төрт жасөспірім бар.
"Қылмыс 12 маусымда сағат 01:00 шамасында болды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жалдамалы пәтерде 16 және 15 жастағы төрт кәмелетке толмаған бала 13 жастағы қызды зорлаған. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар бұрын қылмыс жасағаны үшін есепте болған", - делінген "Мой город" басылымының мәліметінде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек