Оралда оқушылар қыз зорлады деген күдікке ілінді

Оралда оқушылар қыз зорлады деген күдікке ілінді
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Оралда оқушылар 13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Қылмыс жасады деген күдікке ілінген төрт жасөспірім бар.

"Қылмыс 12 маусымда сағат 01:00 шамасында болды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жалдамалы пәтерде 16 және 15 жастағы төрт кәмелетке толмаған бала 13 жастағы қызды зорлаған. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандар бұрын қылмыс жасағаны үшін есепте болған", - делінген басылым мәліметінде.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы соталды тергеу басталды.

Еске салайық, бұған дейін биыл қаңтар-мамыр аралығында кәмелетке толмаған балаларға қарсы 1080 қылмыс жасалғаны, бұл былтырмен салыстырғанда 7,6 пайызға көп екені хабарланған еді.

Баптар тұрғысынан көбіне он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы басқа әрекеттер (158 жағдай) және жол қозғалысы ережелерін бұзу (158 жағдай) сияқты балалар зардап шеккен құқықбұзушылықтар тіркелген. Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерге қатысты зорлау, ұрлық, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері де жасалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова