Оралда қоғамдық көлік түгі қалмай өртеніп кетті

Оралда қоғамдық көлік түгі қалмай өртеніп кетті
Фото: Видео кадры

Оралда автобус түгі қалмай өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зачаганск кентіндегі Жұмағалиев көшесінде автобус аялдамасы маңында автобустан өрт шыққан.

"Өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына келген кезде автобус жанып жатқаны және өрт дүкенмен біріктірілген автобус аялдамасының шатырына тарағаны анықталды. Өрттің жалпы ауданы шамамен 6 шаршы метр болды", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ бөлімшелерінің күшімен өрт толық сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Астанада автобус пен Zeekr көлігі соқтығысқаны, оқиға салдарынан төрт адам зардап шеккені хабарланды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget