Астанада автобус пен Zeekr көлігі соқтығысты: төрт адам зардап шекті

Астанада автобус пен Zeekr көлігі соқтығысты: төрт адам зардап шекті
Фото: Видео кадры

Астанада автобус пен Zeekr көлігі соқтығысты. Оқиға салдарынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

29 қыркүйекте Zeekr көлігінің жүргізушісі Мәңгілік Ел даңғылымен Қабанбай батыр даңғылы бағытынан келе жатып, Хусейн бен Талал көшесімен қиылыста солға бұрылған. Сол кезде қарсы бағытта келе жатқан қоғамдық автобусқа жол бермей, соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Zeekr көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ, автобустың екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді", - деді Астана ПД өкілі.

Zeekr көлігі коммуналдық тұраққа қойылған. Жол апаты бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget