Оралда 15 мамырда үйден шығып кетіп, жоғалып кеткен 17 жастағы Бибол Айболұлы аман табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Жасөспірімнің анасы Заря Қиясованың айтуынша, ұлы 15 мамырда түсте Зачаганск ауданындағы үйден шығып, Ескі әуежай маңындағы ағасына барған, кейін хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.
Бүгін, 19 мамырда Бибол Айболұлының аман-есен табылғаны белгілі болды. Осы уақыт бойы оның қайда болғанын туыстары айтпады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!