"Телефонын ломбардқа өткізген". Оралда 17 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кеткен

"Телефонын ломбардқа өткізген". Оралда 17 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кеткен
Фото: "Мой город" басылымы

Оралда 17 жастағы Бибол Айболұлы 15 мамырда үйден шығып кетіп, жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Жасөспірімнің анасы Заря Қиясованың айтуынша, ұлы 15 мамырда түсте Зачаганск ауданындағы үйден шығып, Ескі әуежай маңындағы ағасына барған, кейін хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.

"Ұлым бір рет үйден шығып жоғалып кеткен, бірақ кейін бәрі ойдағыдай болды. Ішпейді, темекі шекпейді, еш жерде тіркеуде жоқ, денсаулығында да ақау жоқ. Жоғалған соң келесі күні полицияға арыз жаздық. Олар Бибол телефонын ломбардқа өткізгенін анықтады, басқа ақпарат жоқ. Біз қатты уайымдап отырмыз", - дейді әйел.

Биболдың үстінде қоңыр шалбар, қара жейде болған. Жігіттің бойы - 175 сантиметр.

Туыстары Бибол Айболұлының қайда екені туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден 8 (747) 384-91-39 немесе 102 телефондарына хабарласуын сұрайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек