- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оппозиция кандидаты ОСК-ға...
Оппозиция кандидаты ОСК-ға құжатын тапсырды
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына тіркеу үшін құжаттарын тапсырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2022 жылғы 7 қазанда Орталық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына сәйкес, сондай-ақ, "Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы" ОСК-ның 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №67/545 қаулысына сәйкес Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевтың "Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылуы туралы құжаттары ұсынылды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Нұрлан Әуесбаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) атынан президенттікке ұсынылған еді.
Нұрлан Әуесбаев - ЖСДП елордалық филиалының басшысы, 1957 жылы туған. Түркістан облысының тумасы, Астана тұрғыны. Жоғары білімі бар, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, ұзақ уақыт Жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарда жұмыс істеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек