Нұрлан Әуесбаев президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

Нұрлан Әуесбаев президенттікке кандидат ретінде ұсынылды
Фото: Tengrinews.kz©

Нұрлан Әуесбаев Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) атынан президенттікке ұсынылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада ЖСДП-ның ⅩⅠⅩ кезектен тыс съезі өтті. Жиында партиялықтар алдағы президенттік сайлауға үміткер ретінде Нұрлан Әуесбаевтың кандидатурасын қолдады.

"Съезд Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат етіп сайлау туралы шешім қабылдады", - деді партия төрағасы Асхат Рахымжанов.

Нұрлан Әуесбаев - ЖСДП елордалық филиалының басшысы, 1957 жылы туған. Түркістан облысының тумасы, Астана тұрғыны. Жоғары білімі бар, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, ұзақ уақыт Жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарда жұмыс істеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек