Желіде қызу талқыға түскен Қыран Талапбек әйелі Гүлзада Тұрлаш туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жігітпен қалай дұрыс қарым-қатынас құруды үйретемін" деп әйелдерге арналған курс ашқан мобилографтың әйелі сынның астына қалған еді. Алайда Қыран Талапбек бұл сынмен келіспейтінін жеткізді.
"Қара пиар ол да пиар. Кез келген нәрсені жаман жағынан пиар жасап, сосын оны жақсы жағына шығаруға болады. Жақсыдан көтерілгеннен қарағанда осылай оңай. 91 тобының стилі. Бұл топты бастапқыда бәрі жек көрді бірақ артынша оларды жақсы көріп кетті. Айжан Байзақованы бәрі жек көрді бірақ оны да жақсы көрді. Бұл маркетингті жол. Бізде солай жасап көруді ұйғардық, жасадық. Оның эксперт екеніне менің 100 пайыз көзім жетті. Себебі үйлендім, сосын оған 25 миллионға көлік алып бердім", - дейді Қыран Талапбек.
@bekbota_et♬ оригинальный звук - Bekbota_et
Айта кетейік, бұған дейін Гүлзада Тұрлаш әйелдерге арналған курс ашып, халықтың керағар пікіріне тап болған еді.
Мобилограф Қыран Талапбектің екінші әйелі туралы не белгілі? Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!