Сыртқы істер министрлігі өкілі Оңтүстік Корея шекарасынан заңсыз өтпек болған қазақстандықтардың жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореядағы консул қазақстандықтармен кездескенін мәлімдеді.
"Консул олармен кездесті, олардың жағдайы жақсы, шағымдары жоқ. Прокуратура істі сотқа берді, бірінші тыңдалым мамырдың ортасында өтеді. Олардың адвокаты - мемлекеттік адвокат, туыстарымен байланыстамыз", - деді Айбек Смадияров.
Еске салайық, бұған дейін екі қазақстандық Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз өтпек болғаны хабарлаған болатын. Олар Оңтүстік Кореяға биыл 24 наурызда Ташкенттен барған. Кейін олардың туысқандары оқиғаның мән-жайын айтып, сұхбат берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!