Танысыңыздан не жақыныңыздан "ұйықтап жатып бастырылып қалдым" дегенді естіген боларсыз. Ол жағдай сіздің де басыңыздан өткен болуы мүмкін. Massaget.kz тілшісі бастырылудың себебі, алдын алу жолдарын анықтап көрді.
Бастырылудың не екенін түсіндіре кеткеніміз жөн болар. Бастырылу немесе ұйқы салы деп адам ояу жатса да денесі қозғалмай, сөйлей алмай, тіл байлануды айтамыз. Бұл жағдайды басынан кешкендер ұйықтаудан қорқып қалуы мүмкін.
Адам не себепті бастырылып қалады?
Ұйқы салы 12-30 жастағы адамдардың ішінде 5-40 пайызында кездеседі. Нарколепсиясы бар адамдарда, яғни ұйқысы бұзылған, орталық жүйке жүйесінде проблемасы бар адамдарда жиі кездеседі. Бастырылу физикалық тұрғыда қауіпсіз болғанымен, оның себебін анықтамаса психологиялық тұрғыда зиян келтіруі мүмкін.
Бастырылу әр ортада әртүрлі қарастырылады. Мысалы славян елдерінде ол албасты, түн көбелегімен байланысты. Ол түнде келіп, жақсы не жаман хабарды жеткізу үшін адамның кеудесіне отырып, секіре бастайды. Мексикада "мәйіт адамның үстіне шығып алса", Канадада бұл күй "кәрі мыстан" деп аталады. Ал мұсылман елдерінде бастырылу - жындармен байланысты.
Бастырылудың негізгі белгілері:
- Бірнеше секунд не минут бойы қозғала алмай жату;
- Сөйлей алмау;
- Галлюцинация және қорқу;
- Кеудеңізді біреу қатты басып жатқандай сезім, төсек қозғалып, есік ашыла бастауы;
- Өліп кетуіңіз мүмкін деген ойлар;
- Бас және бұлшықет ауруы;
- Паранойя.
Зерттеушілер не дейді?
Ғалымдар бастырылуға "өлімге ұқсас ұйқы" деген түсінік береді. Америкалық нейрофизиологтар жүргізген жұмыс бойынша, адамдар бастырылу кезінде өлімді сезеді. Адам өзін сырттай көріп, қозғала алмай, бөлмеде басқа әлем күшін, тіпті әзәзілді сезуі мүмкін. Зерттеушілердің ойынша, ол мидың жұмыс істеу ерекшеліктерімен байланысты.
Швейцариялық профессор Клаудио Бассеттидің сөзінше, әзірге бастырылу ұйқының бұзылуымен, ұйқының қанбауымен байланысты екені анықталған. Бұл өз кезегінде стресс тудыруы мүмкін.
Фото: ашық дереккөзден
Ал Ресейдегі Сеченевский университетінің профессоры Михаил Полуэктовтың сөзінше, ұйқы салының адамға тигізер еш зияны жоқ. Ол бастырылу ары кетсе екі минутқа созылатынын айтады.
"Әрине, дәрілер ішуге болады. Бірақ дәріні бастырылу жиі болған кезде ғана қабылдау керек. Ал жалпы ұйқы режимін дұрыстап, физикалық жүктемені азайтып, стреске түспеу керек", - деп ұсынды профессор.
Ұйқы салы ұйықтаған кезде де, оянған кезде де болуы мүмкін. АҚШ және Ұлыбритания мамандары адам арқасымен жатқанда бастырылып қалатынын растады. Оған себеп - қан мидың бөліктерінен құйылып, салдарынан галлюцинация пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, ұйқы салы түнгі дем тоқтау, яғни миға оттек жетіспеген кезде болуы мүмкін.
Фото: ашық дереккөзден
Бастырылуды емдеу не алдын алу мүмкін бе?
Ең алдымен, ұйқы салы неден болғанын анықтап алу қажет. Ол, жоғарыда атап өткеніміздей, невроз, стресс, ұйқы режимінің бұзылуы, депрессия, зиян әдеттер салдарынан болуы мүмкін. Ертерек ұйықтап, ұйқыңызды қандырыңыз. Жаттығу жасап, таза ауада жиі серуендеңіз. Ұйықтар алдында бөлмеңіздің терезесін ашып, ауаны тазартып алыңыз. Сол жағыңызбен не оң жағыңызбен жатыңыз.
Әрине, бастырылудың 100 пайыз алдын алу мүмкін емес. Ал бастырылып қалғанда келесі қарапайым ережелерді сақтағаныңыз дұрыс:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!