- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өлімге әкеп соқтырады:...
Өлімге әкеп соқтырады: дәрігер суды тым көп ішудің денсаулыққа қаупі туралы айтты
Су адам өмірі үшін маңызды рөл ойнайды әрі денсаулыққа пайдалы. Бірақ мамандар суды тым көп мөлшерде ішу өміріңізге қауіп төндіретін салдарға әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Патологтар Брюс Лидің өлімінің себебін егжей-тегжей зерттеу арқылы өлім мидың ісінуінен болды деген қорытындыға келді. Ол қан сарысуындағы натрий деңгейінің төмендеуіне әсер еткен актердің ағзасында сұйықтықтың артық жиналуынан болған. Бұл жағдай кез келген нәрсенің екі жақты тұсы болатынына айқын дәлел.
Суды шамадан тыс, есептемей ішу қандағы натрий деңгейін төмендетуі мүмкін, бұл гипонатриемияға әкеледі. Ағзадағы мұндай бұзылыстың белгісі ретінде әлсіздік, сананың шатасуы, бас ауруы, құрысу байқалады. Ауыр жағдайда гипонатриемия мидың ісінуіне, жүрек соғысының бұзылуына және өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
ДДҰ ұсынымына сәйкес бір тәулікте су үшін нормасы адам салмағының 1 килограмына 30 миллилитр.
Айта кетейік, бұған дейін балаға күніне қанша су ішу керегі хабарланған болатын.
Ол үшін мына есепті қолданыңыз: Килограммен алынған бала салмағын 2,205-ке көбейтесіз және 2-ге бөлесіз. Содан соң шыққан нәтижені тағы 8-ге бөлесіз. Соңғы қадам – шыққан санды 240-қа көбейтесіз. Сол кезде балаңыз күніне ішу керек су мөлшері шығады.
Мысалы, шамамен 3 жастағы балаңыздың салмағы – 16 кг. Күніне қажетті су мөлшерін білу үшін былай есептейміз:
1. (16× 2,205) ÷2 = 17,64
2. 17,64÷ 8 = 2,205
3. 2, 205 × 240 = 529,2 (мл)
Яғни, шамамен 3 жастағы бала күніне 530 мл таза су (немесе 2,5-3 стақан) ішуі керек.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ғарышкерлерге қандай талаптар қойылады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә