Бала күніне қанша су ішуі керек?

Бала күніне қанша су ішуі керек?
Фото: freepik.com

2013 жылы Шеффилд Университетінің британ ғалымдары зерттеу жүргізіп, күтпеген нәтиже алады: 60%-дан астам мектеп жасындағы балалар түрлі деңгейдегі шөлдеумен қиналады екен. Себебі бала күніне судың қажетті мөлшерін ішпейді. Нәтижесінде жағымсыз салдарлар орын алады: шаршаудан бастап бүйректердің зақымдалуына дейін барады. Сондай-ақ шөлдеу бала белсенділігіне әсер етеді, есте сақтауды нашарлатады және дұрыс зейін қоя алмайды.

Бала ағзасы ересектерге қарағанда көбірек судан тұрады. Әрине, далада күн ыстық болмаса, сусыздану баяу жүреді, бірақ сонда да бала ағзасы суды үнемі қажет етеді.

Су бала миының 75%-ын, қанының 83%-ын, сүйектерінің 22%-ын және бұлшықеттерінің 75%-ын құрайды.

Балаға су ішу не үшін қажет?

1. Су бала денесінің температурасын реттейді;
2. Қуаттылық пен зейінді сақтайды;
3. Бұлшықеттер белсендігін сақтайды;
4. Дененің пайдалы заттарды сіңіруіне көмектеседі;
5. Буындар иілгіштігін қалыпта ұстайды;
6. Тамақтың энергияға айналуына көмектеседі;
7. Өмірлік маңызы зор органдарды қорғайды;
8. Ағзаның тазаруына көмектеседі.

Бала ағзасы сусыздануының негізгі белгілері:

- Баланың су ішкісі келуі (егер бала шөлдесе, ол ағзаның сусызданғанын білдіреді, себебі ағза белгіні кешігіп береді);
- Әлсіздік пен шаршау;
- Денесі мен омыртқасының ауыруы (себебі бұлшықеттерге су керек);
- Бас ауруы (ми суды қажет етеді);
- Іш қату;
- Зәрдің қою түсті болуы.

Бала күніне қанша су ішуі керек?

Ол үшін мына есепті қолданыңыз: Килограммен алынған бала салмағын 2,205-ке көбейтесіз және 2-ге бөлесіз. Содан соң шыққан нәтижені тағы 8-ге бөлесіз. Соңғы қадам – шыққан санды 240-қа көбейтесіз. Сол кезде балаңыз күніне ішу керек су мөлшері шығады.

Мысалы, шамамен 3 жастағы балаңыздың салмағы – 16 кг. Күніне қажетті су мөлшерін білу үшін былай есептейміз:

1. (16× 2,205) ÷2 = 17,64
2. 17,64÷ 8 = 2,205
3. 2, 205 × 240 = 529,2 (мл)

Яғни, шамамен 3 жастағы бала күніне 530 мл таза су (немесе 2,5-3 стақан) ішуі керек.

Ал салмағы 23 кг бала, күніне 760 мл су немесе 3-4 стақан таза су ішуі керек:

1. (23 × 2,205) ÷2 = 25,35.
2. 25,35 ÷ 8 = 3,17.
3. 3,17 × 240 = 760 (мл)

А. Жапатова