Қазақстандық Римма Волосенко Бусто-Арсициодан (Италия) өтіп жатқан лицензиялық турнирдің ширек финалында сүрінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
60 келіде сынға түскен Волосенко төрешілердің бірыңғай шешімімен словакиялық Мирослава Единаковдан жеңілді.
Айта кетейік, бұған дейін Жайна Шекербекова да жарысты аяқтаған еді. Ол 51 келіге дейінгі салмақтағы бірінші жекпе-жегінде нигериялық спортшы Шукура Каримге жол берді.
Жайна нигериялықты бірінші раунд қорытындысы бойынша жеңіп тұрғанымен, қалған екі раундта төрешілердің төртеуі жеңісті қарсыласына берді. Осылайша, Олимпиада жолдамасына таласа алмайтын болды.
Олимпиадаға іріктеу турнирі 11 наурызға дейін жалғасады. Ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынады.
Айта кетейік, қазіргі таңда боксшылар арасында Қамшыбек Қоңқабаев пен Карина Ибрагимова да ғана Олимпиада жолдамасы бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!