-1 боксшы. Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеу жарысында бір жолдамадан қағылды

-1 боксшы. Қазақстан құрамасы Олимпиадаға іріктеу жарысында бір жолдамадан қағылды
Фото: ©olympic.kz

Қазақстандық боксшы қыз Жайна Шекербекова Италияда өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирін ерте аяқтады. 51 килоға дейінгі салмақтағы бірінші жекпе-жегінде Нигерия елінен келген Шукура Каримге жол берді. 

Жайна нигериялықты бірінші раунд қорытындысы бойынша жеңіп тұрғанымен, қалған екі раундта төрешілердің төртеуі жеңісті қарсыласына берді. Нәтижесінде Олимпиада жолдамасына таласа алмайтын болды. 

Олимпиадаға іріктеу турнирі 11 наурызға дейін жалғасады. Ерлер арасында – 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынады. 

Айта кетейік, қазіргі таңда боксшылар арасында Қамшыбек Қоңқабаев пен Карина Ибрагимова да ғана Олимпиада жолдамасы бар. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай