- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Өлгенше сабаған". Жұмбақ...
"Өлгенше сабаған". Жұмбақ жағдайда қайтыс болған спортшының туыстары мәлімдеме жасады
Оқу орнында есінен танып, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болған мектеп-интернат тәрбиеленушісінің туыстары ол адам қолынан қаза болды деп санайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Tengrinews.kz" сілтеме жасап.
Жұмбақ жағдайда қайтыс болған 13 жастағы жасөспірімнің туыстары әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, Есет батыр атындағы олимпиадалық резерв мектебіінің сегізінші сынып оқушысының өлімі оны ұрып-соғу салдарынан болған.
"Менің інім Бексұлтан Әбубәкірді орта мектеп оқушылары өлгенше ұрып-соққан. 11 сәуірде кешкі уақытта менің ағаларыма бөлме жиналмағаны үшін әлімжеттік жасалды. Төбелес кезінде Бексұлтанды алдымен тоғызыншы сынып оқушылары ұрып-соқты, ол олардан 5 соққы алды. Содан кейін оныншы сынып оқушысы оны бетіне екі рет, кеудесіне бірнеше рет соққы жасады. Қатты соққыдан ол еденге құлап, есінен танып қалды. Бексұлтан ұрып-соғудан қайтыс болды", - деп қорытындылады өзін марқұмның ағасы ретінде таныстырған жазба авторы.
Полиция соталды тергеу кезінде күдіктінің ұсталғанын растады.
"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Қауіпсіздік қызметкерлері ертең толығырақ ақпарат беруге уәде берді.
Оқиғаға қатысты дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы да түсініктеме берді.
"Тергеу жүріп жатыр. Әлі де түнгі тәрбиешінің қай жерде болғанына қатысты сұрақ бар, өйткені оның тікелей міндеті осы балаларды бақылау мен қорғауды қамтамасыз ету еді. Оны полиция қызметкерлері алып кетті, дәл сол сәтте оның қай жерде болғанын анықтап жатыр. Бірақ ол жұмыс орнында болған. Тергеу барлық қатысушының дәрежесі мен кінәсін көрсетеді", - деді Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров.
Еске салайық, 11 сәуірде Есет батыр атындағы Ақтөбе мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде қайғылы оқиға болды. Бір жылдан астам уақыт бұрын Бексұлтан Әбубәкір еркін күрес бөліміне қабылданған. 11 сәуірде сағат 21:30 шамасында жасөспірім құлап, есінен танып қалған. Жедел жәрдем шақырылды, бірақ Бексұлтан көлікте қайтыс болды. Баланың өлімінің себебі анықталып жатыр.
Тағы да оқи отырыңыздар: Төлеген Айбергеновтің өмірі мен шығармашылығы
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә