Нұрбек Оралбай Олимпиадада қырғыз бен өзбек спортшылардың қолдауы туралы айтты

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай жарыста Орталық Азия елдерінің спортшылары бір-біріне қалай қолдау көрсеткенін айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нұрбек Оралбай бұл туралы "Түнгі студия" бағдарламасында Нұрлан Қоянбаевқа берген сұхбатында айтты. Бағдарлама жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев сұхбат кезінде Париж Олимпиадасында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан бір-біріне жақсы қолдау көрсеткенін айтты. Орталық Азиялық бауырлардың бірлігі, қолдауы Нұрбек Оралбайға қалай әсер еткенін сұрады.

"Қырғызстаннан бір бала мен бапкері ғана келді. Негізі рингке екі бапкер шығару керек болды. Сол кезде өзбек бапкер қырғыз бапкерге көмектесті. Заңдылық бойынша екі бапкер шығу керек қой. Біреуі – рингке кіреді, екіншісі – сыртында тұрады. Сол үшін ғой шыққаны. Спортта ондай нәрселер боп тұрады", – деді спортшы. 

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай осы сұхбатында Президентке күміс медалін келесі Олимпиадада алтынға айналдыруға уәде бергені туралы да айтқан болатын. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!