Париж Олимпиадасында күміс медаль алған Нұрбек Оралбай Президентпен кездесу қалай өткенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Нұрбек Оралбай Нұрлан Қоянбаевтың "Түнгі студия" бағдарламасында қонақ болғанда айтты.
Бағдарлама жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев әуелі спортшыдан Олимпиададан кейін алған ең ерекше сыйлығы туралы сұрады.
"Жақында ағаларым ерекше автокөлік сыйлады "двухсотый", – деп жауап берді боксшы.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада спортшыларды өзі күтіп алған. Нұрбек Оралбайдың айтуынша, кездесу жақсы өтіпті.
"Президентіміз риза. Кездесуде "бұдан да жақсы жетістіктерге жетеміз" деп айттық. Мен өзім бұл күмісті келесі Олимпиада ойындарында алтын қыламын деп уәде бердім. Бұйырса, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға дайындықты бастау керек. Чемпион болсам, мүмкін демалар едім. Қазір енді күміс алған соң әлі де болса дайындалып, еңбек ету керек қой", – деді боксшы.
Айта кетейік, спортшы сұхбат берген бағдарламаны актриса, блогер Жазира Еркін жүргізді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!