Нұрайдың өлімі: полицейлерге қатысты іс қай сатыда?

Нұрайдың өлімі: полицейлерге қатысты іс қай сатыда?
Фото: Видео кадры

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

13 тамызда сот Шерхан Аймаханды өмір бойына бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. 

Шымкент прокуратурасы полицейлерге қатысты іс әлі де тергеліп жатқанын хабарлады.

"19 қаңтарда Шымкент қалалық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 371-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істі тіркеді (соталды тергеп-тексеру басталды - еск.). Қазір соталды тергеу жалғасып жатыр", - деді прокуратура өкілдері.

Айта кетейік, 371-баптың 2-бөлігі ("Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық") бойынша мынадай жаза қарастырылған:

  • 4000 АЕК-ке дейін айыппұл (2026 жылы бұл - 17 300 000 теңге);
  • 1000 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар;
  • белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға дейін айыра отырып, 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе одан айыру.

Еске салайық, бұл іс бойынша 28 жастағы Ш.А. сотталды. Ол Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпталды:

  • 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы - "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру";
  • 125-1-бап - "Некеге тұруға мәжбүрлеу";
  • 115-1-бап - "Сталкинг".

Прокурор сотта айыптау актісін оқыды, ол үш эпизодтан тұрады. Тергеу мәліметінше, 2025 жылы жазда айыпталушы Нұраймен танысып, күзде оны Алматыда алып қашып кеткен және некеге тұруға мәжбүрлеу үшін Түркістан облысындағы туыстарының үйіне апарған. Сол кезде қыздың ағалары полициямен бірге оны үйіне қайта алып кеткен.

Тергеу дерегі бойынша ер адам қыздың қыр соңынан қалмаған, бірнеше күн ішінде оған 154 шақты қоңырау шалып, Алматыдағы үйі маңында аңдып жүрген.

2026 жылы 11 қаңтарда кешке Шымкентте Нұрайдың ата-анасының үйінің маңында ер адам оған 35 жерден пышақ жарақатын салған. Қыз оқиға орнында көз жұмды, ал күдікті екі күннен кейін ұсталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget