Астана прокуроры Ерлан Өтегенов Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша ұсталған екінші адам Қуандық Бишімбаевтың туысы екенін растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Іс тергеліп жатқанын білесіздер, барлық сараптама жүргізіліп жатыр. Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына 2 айға қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр", - деді прокурор астаналық бизнес өкілдерімен кездесудің кулуарында.
Журналист ұсталған екінші күдікті Бишімбаевтың інісі ме деп сұрады.
"Ол "Гастро-орталықтың" директоры, олардың туыстық қатынасы бар", - деп жауап берді Өтегенов.
Еске салайық, бұған дейін Астананың бас прокуроры Ерлан Өтегенов Салтанат Нүкенованы өлтірген күні "Гастро-орталықтағы" видеолардың өшірілгенін растады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз