Нүкенованы өлтірген күні "Гастро-орталықтағы" видеолар өшірілген - Астананың бас прокуроры

Нүкенованы өлтірген күні "Гастро-орталықтағы" видеолар өшірілген - Астананың бас прокуроры
Фото: Tengrinews.kz

Астананың бас прокуроры Ерлан Өтегенов Салтанат Нүкенова өлтірілген күні "Гастро-орталықтағы видеоның өшірілгені туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналистер Астананың бас прокурорынан елордалық кәсіпкерлермен кездесудің кулуарында әйелін өлтірді деген күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу барысын сұрады.

Прокурорға "Бейнекамералардағы жазбалар өшірілді" дейді, бұл рас па?" деген сұрақ қойылды.

"Иә, мұндай факті болды, бейнекамералардағы жазбалар қалпына келтірілді", - деп жауап берді Өтегенов.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Кейін ол қамауға алынды. 11 қарашада Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан