Көп жағдайда іш ауыруын асқорыту проблемасымен байланыстырамыз. Алайда оның басқа да себептері көп. Ол бұлшықеттер түйілуі, құрсақ қуысындағы басқа органдардың зақымдалуы немесе тіпті, өкпе проблемасы болуы мүмкін. Кейде іштің қалай ауырып тұрғанын түсіндірудің өзі қиын. Дәрігерлер үшін маңызды критерийдің бірі - жағымсыз сезімнің қай уақытта пайда болуы. Терапевт Вера Самсонова Doctorpiter порталына іштің таңертең ауыруының мүмкін себептерін атады.
1. Қыжыл мен қышқылдық рефлюкс
Көбінесе таңертең іштің ауыруы қыжылдың асқазан ішіндегісін өңешке немесе жұтқыншаққа әкелуінен пайда болады. Бұл кезде әдетте жұтқыншақта күйдіріп жатқандай сезім болады, ауызға жағымсыз дәм келеді және тіс проблемасы болуы мүмкін. Әдетте, рефлюкс ауруы кезінде төс асты ауырсынады және ол жатқан кезде күшейеді.
Қыжылдан қалай жылдам арылуға болады?
2. Гастрит
Асқазанның шырышты қабығының қабынуы кезінде таңертең жағымсыз сезім туындауы мүмкін. Себебі түнде асқазан қуысы толығымен босатылады және оның ішіндегі қышқылдық нәрселер қабырғаларды тітіркендіреді. Көбінесе бұл сезім жүрек айнуымен, тоқтық сезімімен және таңертең тәбеттің болмауымен бірге жүреді.
3. Жедел гастроэнтерит немесе "ішек тұмауы"
Кейде ересектерде ас қорыту жолдарындағы вирустық инфекциялар болса, ол іштің ауырсынуын тудырады. Бұл кезде көбіне кіндіктің үстіңгі жағы ауырады және ол диареямен, құсумен бірге жүруі мүмкін. Түнде асқазан ұзақ уақыт бойы бос болатындықтан, вирустар оның шырышты қабығын қаттырақ тітіркендіретіндігіне байланысты таңертең іш ауырады.
4. Эрозия және асқазан жарасы
Таңертең іштің ауыруы асқазан жарасы мен эрозиялық процестерге тән. Шырышты қабаттардағы ақаулар жиі ерекше бактериялардың (Helicobacter pylori) белсенділігіне байланысты пайда болады. Бұл микробтар қышқылдың әсеріне төзімді, олар шырышты қабықты белсенді түрде зақымдайды, сондықтан алдымен беткей ақаулар - эрозиялар, ал егер процесс тежелмесе, одан да тереңірек жаралар пайда болады.
Асқазан жарасы неден пайда болады?
5. Крон ауруы
Крон ауруы кезіндегі қабыну процесі ауыз-жұтқыншақтан тік ішекке дейінгі ас қорыту түтігінің кез келген бөлігінде қабыну тудыруы мүмкін. Жиі іштің бүкіл жері ауырады. Сонымен қатар іш қату пайда болуы мүмкін немесе ол іш өтумен кезектесіп тұрады. Сондай-ақ салмақ тастау, шаршай беру, әлсіздік байқалуы мүмкін.
6. Іш қату
Егер нәжіспен проблемалар тұрақты болып кетсе, жиі іш ауыруы, құрысулар, жүрек айнуы және әлсіздік қосылады. Тамақтану проблемалары, сұйықтықтың жетіспеушілігі және қозғалыстың болмауынан іш қату пайда болады.
7. Ішектегі дивертикулдар
Қартайған кезде ішек қабырғаларында дивертикулдар деп аталатын қапшықтар пайда болуы мүмкін. Олар әдетте тоқ ішектің қабырғаларында жеке элементтер түрінде анықталады. Әдетте, дивертикул ешқандай белгі бермейді, бірақ қабырғалар тітіркенсе немесе қабынса, дивертикулит белгілері пайда болуы мүмкін. Таңертең іш ауырады, әсіресе, сол жақ тұсы ауырсынады, температура көтеріледі, жүрек айнуы мүмкін.
8. Панкреатит
Ұйқы безіндегі қабыну процесі өт қабы проблемасы себебінен дамиды: алкогольді көп ішу, майлы тағамдарды көп жеу, артық салмақ және басқа да патологиялар. Бұл кезде іш түнде немесе таңертең кенеттен ауырады. Әсіресе, іштің үстіңгі тұсы және сол жақ қабырғаға жақын жері ауырады. Сонымен қатар ол кейде жүрек айнуға немесе құсуға әкеледі.
9. Өт қабы проблемалары
Холецистит те жоғарыдағыдай белгілер беруі мүмкін. Іштің үстіңгі жағы, бірақ оң жақ қабырға асты ауырады. Егер ұйықтарда майлы тамақты көп жесеңіз немесе алкоголь көп ішсеңіз, таңертең аш қарынға немесе таңғы астан кейін ауырсыну пайда болады. Сонымен қатар құсуыңыз немесе қысымыңыз түсіп кетуі мүмкін.
10. Өсінділердің қабынуы
Таңертең іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну жыныстық органдардың қабынып зақымдануының белгісі болуы мүмкін. Аналық бездер, фаллопиялық түтіктер, жатыр және қуық қабынған болуы мүмкін. Жиі мұндай проблемалар зәр шығарудың бұзылуымен бірге жүреді. Қуықты немесе ішекті босату кезінде ауырсыну күшейеді.