Аналық без қатерлі ісігінің ерте білінетін белгілері

Аналық без қатерлі ісігінің ерте білінетін белгілері
Фото: ru.freepik.com

Карцинома - әйелдердің жыныстық бездерінің қатерлі ісігі. Оған жиі етеккір үзілісінен кейін шалдығады, алайда жас қыздар да бұл аурудан сақтандырылмаған. Бұл аурудың ең басты қаупі - оның айқын белгілері тек соңғы стадияда білінеді. Сондықтан әйелдер бұл ауруға шалдыққанын айлар немесе жылдар бойы білмей жүруі мүмкін. Doctorpiter.ru порталы оның ерте білінетін белгілерін ұсынды.

Аналық без қатерлі ісігі 4 кезеңге бөлінеді:

·         FIGO I: қатерлі ісік аналық безбен шектелген; 

·         FIGO II: аналық без қатерлі ісігі жамбасқа таралған; 

·         FIGO III: аналық без қатерлі ісігі құрсақ қуысына таралған; 

·         FIGO IV: метастаздар құрсақ қуысынан тыс жерлерде де түзілген (мысалы, өкпе). 

Сөзсіз, басқа да қатерлі ісіктер секілді мұны да ерте анықтаған дұрыс. Сол кезде одан толықтай емделіп шығу мүмкіндігі жоғары болады.

Аналық без қатерлі ісігінің ерте білінетін белгілері

"Аналық без қатерлі ісігінің бастапқы стадияда пайда болуы мүмкін 9 белгісі бар. Бұл белгілерді білу маңызды", - дейді дәрігер Джексон-Спенсер.

Мына белгілер аналық без қатерлі ісігін көрсетуі мүмкін:

- іштің кебуі;
- тоқтық сезімінің жылдам келуі;
- тәбеттің кенеттен жоғалуы;
- іштің ауыруы;
- себепсіз салмақ тастау;
- ішектер жұмысының өзгеруі (мысалы, дәретханаға жиі баратын болып кеттіңіз).

Бұл белгілердің бәрін асқазан-ішек жолы проблемасы деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Егер диареямен, іш ауруымен қиналып жүрсеңіз, дәрігер ішектер мен асқазанды тексеруі үшін  гастроэнтерологқа қаралыңыз. Бірақ егер маман өзіне қатысты проблемаларды жоққа шығарса, міндетті түрде онколог пен гинекологтың кеңесін алу керек.

"Әсіресе, егер етеккір циклінен бөлек қан ағу пайда болса, жиі кіші дәретке барғыңыз келуі және қатты шаршаңқылық болса, ойлану керек. Бұл жерде ағза жаңылысқаны жайлы белгі беріп тұр, яғни толық тексерістен өту керек", - дейді дәрігер Джексон-Спенсер.

А. Жапатова