- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Неге мені жерге...
"Неге мені жерге қаратасың?" Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты дауға көзқарасын білдірді
Қазақтың белгілі балуаны Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты дауға көзқарасын білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегері бұл туралы тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.
"Ол 18-де емес, 2003 жылы дүниеге келді. Түнгі 12-лерде құрбысымен түнгі клубқа барған, сол кезде жанжал пайда болған. Бұл жерде бір ескеретін жайт бар. Ол - Тұрлыхановтың ұлы. Осыған байланысты мұндай дүрбелең шықты. Егер ол такси немесе автобус жүргізушісінің баласы болса, ондай шу болмас еді. Әрине, оның қоғамдық жерде төбелесіп, күш көрсетіп, жұдырық жұмсағанын құптамаймын. Ол менен сол үшін "таяқ та жеді". Мен оған ақсақалдар секілді "Неге мені жерге қаратасың" деймін. Ол маған "Ол өзі" деп жауап берді. Енді бұл іспен тергеу органдары айналыссын", - дейді спортшы.
Дәулет Тұрлыханов бұл жағдайды білгеннен кейін ұлына қандай сабақ бергенін айтты.
"Мен білген бойда "таяқ жеді". Жастар мұны жасырады ғой. Біз де кезінде төбелестік. Жігіттің бәрі жас кезінде төбелеседі ғой. Бірақ бұл жағдайдан "әкең сондай адам екен деп" дау туғызу... Мен сияқты патриот аз. Мендей патриот тауып алсын. Әрине, қазақ жастарының мықты болғанын қалаймын", - дейді ол.
Спортшы балаларының қандай спорт түрімен шұғылданатынын, сондай-ақ, кенже ұлының уәдесін айтты.
"Ол дзюдомен айналысады, иә. Бірақ баламның бәрі спортпен шұғылданбайды. Үлкен ұлым жаттықтырушы болып жұмыс істейді, Алматыда жастарды жаттықтырады. Екіншісі мемлекеттік қызметте жұмыс істейді, спортпен, дзюдомен де айналысқан. Қазір ол толығымен мемлекеттік қызметке көшті. Кенжем "Әке, мен енді мұндай жағдайға ұрынбаймын" дейді. Солай уәде берді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі заңгерді соққыға жыққаны хабарланған болатын.
Бұл оқиға туралы заңгер Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған. Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалған.
Дәулет Тұрлыханов ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады
Күдікті әскери адам болғандықтан, қазір іс материалдары соттылығын анықтау үшін қалалық Прокуратураға жіберілгені айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек