- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Не үшін баланы...
Не үшін баланы көлікте жалғыз қалдыруға болмайды?
Фото:
Тұрар Қазанғапов
Кейде көліктен 5 минутқа шығып келу керек кездер болады. Мысалы, жылдам дүкенге кіріп шыққыңыз келуі мүмкін. Мұндай кезде өзіңіз барсаңыз, аз уақытты алады, ал әркез баланы өзіңізбен бірге алып шықсаңыз, оған көп уақыт кетеді. Сол үшін де кей ата-аналар баласын жалғыз көлікте қалдырып кетеді. Сондай-ақ бала көлікте ұйықтап қалса, оны оятқысы келмей, "тез келеміз ғой" деп оны өзін жалғыз қалдырып кетеді. Алайда баланы бұлай көлікте жалғыз қалдыру өте қауіпті.
Көлікте жалғыз қалған балаға мынадай қауіп төнуі мүмкін:
- Ыстық көліктің ішінде аз уақыт қалғанның өзінде балаға күн тиюі мүмкін. Көлікті жаз мезгілінде көлеңкеге қойып кетсеңіз де, оның іші тез ысып кетеді. Сондықтан бала қатты шөлдейді, оның ағзасы сусызданады, бала қатты терлейді. Егер бала ыстық күні көлікте жалғыз өзі ұзақ уақыт қалып қойса, оның температурасы көтеріліп, жүрек соғысы жиіленіп, естен танып қалуы да мүмкін. Мұндай кезде жедел жәрдем көмегі қажет болады. Бұл кейде өлімге әкелуі мүмкін.
- Автомобиль ішінде жалғыз қалған балалар қауіпсіздік белдігіне байланып және қылғынып қалуы мүмкін;
- Көлік өртеніп немесе суға батып кетуі мүмкін;
- Қылмыскерлер көлікті оның ішіндегі баламен бірге ұрлап кетуі мүмкін;
- Бала машинаны оталдырып, орнынан қозғап жіберуі мүмкін.
- Егер машина тұраққа дұрыс қойылмаған болса, бұл жол-көлік оқиғасы қаупін арттырады. Соның салдарынан бала зақым алуы мүмкін.
Көлік не үшін өртенуі мүмкін? Мына жерден оқыңыз.
А. Жапатова