Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның акционерлері кімдер екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкіметтің баспасөз орталығында министрге "АрселорМиттал Теміртаудың" акционерлерінің қатарында Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің өкілдері бар ма?" деген сұрақ қойылды.
Қанат Шарлапаев компанияға меншік иәсі жауапты екенін айтты.
"Жоқ, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бізге берген мәліметі бойынша, олар - кәсіпорынның 100 пайыз меншік иесі. Сондықтан ("АрселорМиттал Теміртау" АҚ - еск.) өз акциялары бойынша толық шешім қабылдай алады", - деді ол.
Еске салайық, алдымен бұл шахтада 7 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ал екі күн бұрын қаза тапқандар саны 45 адамға жетті. Бүгін Сырым Шәріпханов соңғы кеншінің денесі табылғанын айтты. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!