Атырау облысы Жангелдин ауылында көз жұмған бір отбасының өліміне қатысты сот отырысы әлі де жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік айыптаушы келесі отырысқа қаза тапқандардың сүйегін зерттеген сот-медициналық сарапшыны шақыруды сұрады.
Процесс қатысушылары Наурыз Мұқанғалиевтің сүйегіне қатысты сұрақтар қойған. Сотта оның сүйегі жоғалғаннан кейін 10 ай өткен соң табылғаны, бұл ретте басы денесінен бөлек болғаны айтылған.
Айыпталушы Сарсемәлиев бұл жағдай сүйек жер астында ұзақ уақыт жатуына және кейін қазып алынуына байланысты болуы мүмкін деп топшылаған.
Нақты мән-жайды анықтау үшін тараптар сарапшыны сотқа шақыруды қолдады.
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды:
Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.
6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты. Кейін олар да өлі табылды.
Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысы Полиция департаменті жүргізді.
24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні және марқұмдардың кіші қызын Индонезияда ұстағаны белгілі болды.
Кейінірек ІІМ баспасөз қызметі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады:
2026 жылы 18 мамырда атышулы іс бойынша сот отырысы басталды. Сот отырысы барысында прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқыды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!